Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 3789 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.10.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 47462 гектар қорғау аймағы белгіленсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.10.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

      3. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 17 қаңтардағы
  № 5 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі

      1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – парк) қорғау аймағында:

      1) парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 84-2 бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.11.2021 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Парктің қорғау аймағының аумағында парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      Ескерту. 2 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.10.2024 № 214 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Парктің қорғау аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

Об установлении охранной зоны, режима и порядка природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения "Государственный региональный природный парк "Кызылсай" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 17 января 2019 года № 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 21 января 2019 года № 3789.

      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления акимата Мангистауской области от 31.10.2024 № 214 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Земельным Кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года и Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить охранную зону на территории коммунального государственного учреждения "Государственный региональный природный парк "Кызылсай" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области шириной двух километров общей площадью 47462 гектара, без изъятия земельных участков у собственников и землепользователей.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Мангистауской области от 31.10.2024 № 214 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Установить режим и порядок природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения "Государственный региональный природный парк "Кызылсай" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области" (Кусбеков Д.Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области Сакеева Р.К.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Е. Тугжанов

  Приложение
  к постановлению акимата
  Мангистауской области
  от 17 января 2019 года № 5

Режим и порядок природопользования на территории охранной зоны коммунального государственного учреждения "Государственный региональный природный парк "Кызылсай" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области

      1. В охранной зоне коммунального государственного учреждения "Государственный региональный природный парк "Кызылсай" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области (далее – парк) запрещаются:

      1) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы парка;

      2) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод;

      3) разведка и добыча полезных ископаемых, за исключением случаев, указанных в пункте 2 статьи 84-2 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях;";

      4) охота;

      5) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      6) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем парка (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      7) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      8) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы парка.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением акимата Мангистауской области от 23.11.2021 № 277 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. На территории охранной зоны парка могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем парка:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство, а также рыбоводство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений и животных, а также строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников парка, предоставления им служебных земельных наделов.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением акимата Мангистауской области от 31.10.2024 № 214 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В охранной зоне парка при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 2 настоящего приложения, должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов растительного и животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов государственного природно-заповедного фонда.