Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 214 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 қарашада № 4742-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 47462 гектар қорғау аймағы белгіленсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      2-тармақтың 5)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;";

      2-тармақтың 10)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады