"Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы" 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 277 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қарашада № 25420 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы" 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3789 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібінде:

      1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 84-2 бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады