Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3439 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:
2) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
"2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;";
келесідей мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.".
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, | |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | С. Трұмов |