"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 8 желтоқсандағы | |
№ 7/86 шешіміне қосымша |
Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №13/158 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3439 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 26/316 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3881 болып тіркелген).
3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 5/65 шешімі.