Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 10-15-230 ұсынысы негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8/100 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3369 болып тіркелген, 2017 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Далжанов |
Маңғыстау аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А.Сарбалаев |
Маңғыстау аудандық мәслихатының | |
2019 жылғы 23 мамырдағы | |
№ 27/316 шешіміне қосымша | |
Маңғыстау аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 3 мамырдағы | |
№ 8/100 шешіміне қосымша |
Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,42 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | - |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,19 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,37 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,56 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,23 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,22 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,5 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,1 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1м2 | 0,016 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1орын | 0,1 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м2 | 0,02 |
14 | Азық түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м2 | 1,198 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м2 | 0,1 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1м2 | 0,11 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1м2 | 0,12 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1м2 | 0,1 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1м2 | 0,08 |
21 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1м2 | - |
22 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м2 | 0,13 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,02 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,02 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,78 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м2 | - |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м2 | - |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | - |
30 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м2 | 0,19 |
31 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
32 | Бау-бақша копперативтері | 1 учаске | - |
Ескерпе:
Аббреавиатураның ажыратып жазылуы:
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр.