Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сарбалаев |
2021 жылғы 13 | |
желтоқсандағы | |
№ 9/73 Маңғыстау аудандық | |
мәслихатының шешіміне | |
қосымша |
Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8/100 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3369 болып тіркелген).
2. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 15 мамырдағы № 27/314 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 болып тіркелген).
3. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8/100 "Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 23 мамырдағы № 27/316 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 болып тіркелген).