Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8/100 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 маусымда № 3369 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 9/73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 9/73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Үркімбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Калиев Адайбек Утемисович

      "3" 05. 2017 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 3 мамырдағы
  № 8/100 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 23.05.2019 № 27/316(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

2

3

4

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,42

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

-

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,19

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,37

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,56

6

Емханалар

1 келіп кету

0,0002

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,23

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,22

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,1

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1м2

0,016

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1орын

0,1

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1м2

0,02

14

Азық түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1м2

1,198

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1м2

0,1

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары

жалпы алаңы 1м2

0,11

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары

жалпы алаңы 1м2

0,12

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1м2

0,1

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1м2

0,08

21

Жағажайлар

жалпы алаңы 1м2

-

22

Дәріханалар

сауда алаңы 1м2

0,13

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

1,02

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,02

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,78

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1м2

-

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1м2

-

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

-

30

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1м2

0,19

31

Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

32

Бау-бақша копперативтері

1 учаске

-

      Ескерпе:

      Аббреавиатураның ажыратып жазылуы:

      м2 – шаршы метр;

      м3 – текше метр.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады