Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/341 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3736 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Себепбаева |
Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Назар |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2019 жылғы 3 қазандағы | |
№ 45/438 шешіміне қосымша | |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2018 жылғы 10 желтоқсандағы | |
№ 32/341 шешіміне қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы /текше метр/ |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,72 |
2 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,19 |
3 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,27 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,935 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,17 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелері | 1 төсек – орын | 1,24 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,655 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,685 |
9 | Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,745 |
10 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,495 |
11 | Вокзалдар, автовокзалдар | 1 шаршы метр жалпы алаңы | 1,24 |
12 | Дәріханалар | 1 шаршы метр сауда алаңы | 0,235 |
13 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина – орын | 1,585 |
14 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,665 |
15 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,19 |
16 | Моншалар, сауналар | 1 шаршы метр жалпы алаңы | 0,33 |
17 | Жатақханалар | 1 орын | 0,895 |