Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қазанда № 8711 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-8-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді карап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Даниленко
      Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы К. Джаманбалин

  Мәслихаттың
2019 жылғы 4 қазандағы
№ 433 шешіміне
қосымша

Қостанай облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 21.04.2023 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.

      Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 13.09.2024 № 164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

      2) көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін (мүрдесін) жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 13.09.2024 № 164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісің ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.

      аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі:

      зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;

      жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ "Жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 13.09.2024 № 164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      5. Жерлеу зират әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      6. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.

      7. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына жазбаша өтініші бойынша бұрын қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде, қайтыс болған адамды немесе оның сүйектерін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанына жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бұрын қайтыс болған жақын туысының бос жер учаскесі немесе қабірі болған кезде қамтамасыз етіледі.

      8. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      9. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      10. Мынадай:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 13.09.2024 № 164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      12. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

      13. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 13.09.2024 № 164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақытылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақытылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.


Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области

Решение маслихата Костанайской области от 4 октября 2019 года № 433. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 18 октября 2019 года № 8711.

      В соответствии с пунктом 2-8 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Даниленко
      Исполняющий обязанности секретаря Костанайского областного маслихата К. Джаманбалин

  Приложение
к решению маслихата
от 4 октября 2019 года
№ 433

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области

      Сноска. Приложение - в редакции решения маслихата Костанайской области от 21.04.2023 № 15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1-16) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 48 "Об утверждении Типовых правил погребения и организации дела по уходу за могилами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18771) и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения умерших или их останков, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 августа 2021 года № ҚР ДСМ-81 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24066).

      Определение принципов проектирования и рекомендации к содержанию кладбищ, к порядку организации похоронного дела, похоронного обряда (обряда захоронения останков или праха человека), а также содержания мест захоронения и работы специализированных служб по вопросам похоронного дела в Республике Казахстан определяются "Сводом правил Республики Казахстан "Проектирование и содержание кладбищ" (СП РК 3.02-141-2014).

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 13.09.2024 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) отдел регистрации актов гражданского состояния (далее – регистрирующий орган) – Государственная корпорация "Правительство для граждан", осуществляющая государственную регистрацию актов гражданского состояния и другие виды государственных услуг, связанных с государственной регистрацией актов гражданского состояния;

      2) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      3) могила – место захоронения умершего или его останков;

      4) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      5) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата Костанайской области от 13.09.2024 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок погребения и организации дела по уходу за могилами

      3. Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      Акимат города районного (города областного значения):

      организует свод данных (сведений) учета и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы;

      осуществляет контроль за соблюдением условий договора по погребению, содержанию и обслуживанию кладбищ;

      размещает актуальную информацию по занятым и свободным участкам кладбища на официальном интернет-ресурсе местного исполнительного органа и в публичной кадастровой карте, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 июля 2023 года № 252/НҚ "Об утверждении правил ведения публичной кадастровой карты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33106).

      Аким города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа ведет учет и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы на основании журналов учета.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 13.09.2024 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Захоронение производится на территории кладбища после предъявления администрации кладбища свидетельства о смерти, выданного регистрирующим органом, осуществляющий регистрацию смерти и (или) медицинского свидетельства о смерти по форме № 045/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21579) либо уведомления о смерти, полученного посредством веб-портала "электронного правительства".

      5. Захоронение регистрируется в журнале учета, который ведется администрацией кладбища.

      6. Журнал учета содержит следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство или уведомление о смерти, полученное посредством веб-портала "электронного правительства";

      фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер (при его наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      7. По письменному заявлению близких родственников, а также супруга (супруги) в местный исполнительный орган, аппарат акима района в городе при предоставлении документов, подтверждающие близкое родство умершего с ранее умершим, погребение умершего или его останков рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы ранее умершего близкого родственника.

      8. Захоронение найденных тел умерших или их останков, утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      9. Захоронение безродных производится за счет бюджетных средств.

      10. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при транспортировке останков из отдельных могил для перезахоронения по Республике Казахстан или за ее пределами.

      Перезахоронение останков допускается только при отсутствии особо опасных инфекционных заболеваний (сибирская язва, конго-крымская геморрагическая лихорадка) у умерших людей в течение двух первых недель с момента погребения, в последующем не ранее трех лет, в песчаных грунтах не ранее одного года по согласованию государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 13.09.2024 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Проектирование и устройство могил:

      расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 сантиметров;

      каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

      12. Благоустройство мест захоронения и их содержание:

      В границах участка, отведенного под захоронение, допускается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местными исполнительными органами в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Заключение договора на погребение, содержание и обслуживание кладбищ между местным исполнительным органом районного (города областного значения) и администрацией кладбища осуществляется по итогам конкурса в срок, установленный в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 13.09.2024 № 164 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Администрация кладбищ обеспечивает:

      1) предоставление гражданам полной информации о порядке оказания ритуальных услуг, в том числе с размещением информации на стендах на территории кладбища;

      2) своевременную подготовку могил для захоронения умерших или их останков;

      3) соблюдение установленной нормы отвода каждого земельного участка для захоронения и правил подготовки могил;

      4) содержание в исправном состоянии зданий, инженерного оборудования, территории кладбища, ограждения, освещения;

      5) контроль за организацией работ по содержанию кладбищ, включая систематическую уборку дорожек общего пользования и участков хозяйственного назначения, обслуживание сетей водоснабжения, уход за зеленными насаждениями на всей территории кладбища, текущий ремонт дорог и своевременный вывоз мусора;

      6) предоставления гражданам напрокат инвентаря для ухода за местом захоронения;

      7) предоставление равного доступа всем субъектам ритуальных услуг.