"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | К. Ахметов |
Әкімдіктің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1765 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 30.12.2019 № 2779 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Орта білім беру ұйымының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Орта білім беру ұйымының атауы | Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы | ||||||
Оқушылардың саны | Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||||||
Барлығы, оның ішінде: | 1-4 сынып | 5-9 сынып | 10-11 сынып | 1-4 сынып | 5-9 сынып | 10-11 сынып | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Қостанай қаласы | "Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназиясы" мекемесі | 100 | 100 | 15300 | ||||
2 | Қостанай қаласы | "Ақ ерке и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 200 | 15300 | ||||
3 | Қостанай қаласы | "Айгерим-Ай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 40 | 15300 |