Әкімдіктің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1765 "2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 2779 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 8855 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1765 қаулысына (2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі К. Ахметов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2779 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2019 жылғы "15" тамыздағы
№ 1765 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы


р/р

Орта білім беру ұйымының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Орта білім беру ұйымының атауы

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқушылардың саны

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

Барлығы, оның ішінде:

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қостанай қаласы

"Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназиясы" мекемесі

100

100



15300



2

Қостанай қаласы

"Ақ ерке и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

200



15300



3

Қостанай қаласы

"Айгерим-Ай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

40



15300




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады