Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 18.12.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 01 -27/251 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Покров ауылының аумағына мүйізді ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Денисов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Покров ауылдық округінің әкімі | К. Игламова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушысы
_____________ С. Бакиев
2019 жылғы "13" мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетiнiң Денисов
аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Қ. Исмағұлов
2019 жылғы "13" мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
"Денисов ауданы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ В. Шерер
2019 жылғы "13" мамыр