Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 8838 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 01-27/769 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Покровка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Покров ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 2 шешімінің (2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8429 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Покров ауылдық округінің әкімі К. Игламова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады