"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 19 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 348 "Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8173 болып тіркелген) сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "Глазунов" сөзі "Айсары" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "Глазуновка", "Глазуновского" сөздері "Айсары", "Айсаринского" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айсары ауылдық округінің әкімі | Б. Нургазин |