"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 01-19/204 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Шилі ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің міндетін атқарушы "Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 8 тамыздағы № 1 шешімінің (2017 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7185 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шилі ауылының әкімі | М. Қаратаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитеті Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
Науырзым аудандық қоғамдық
Денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________________ А.Х. Аңсағаев
2019 жылы "29" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Науырзым
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е.У. Бижанов
2019 жылы "29" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Науырзым ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ С.Ғ. Олжабаев
2019 жылы "29" сәуір