Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 тамызда № 7185 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылы әкімінің 29.04.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 01-20/157 ұсынысының негізінде Шилі ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданының Шилі ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Науырзым ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Науырзым аудандық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шилі ауылы әкімінің
міндетін атқарушы
Г. Біржанова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Науырзым

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Е.У. Бижанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитеті Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Науырзым аудандық қоғамдық

      Денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ А.Х. Аңсағаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Науырзым ауданының ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________________ С.Ғ. Олжабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады