Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 8240 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 30.07.2020 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 30.07.2020 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2018 жылғы 26 маусымдағы № 175 (№ 7947 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған 2018 жылғы 25 шілдедегі) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдiктің
2019 жылғы "11" қаңтардағы
№ 7 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 30.07.2020 № 156 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. . Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) мейіргер;

      9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      10) зертханашы (медициналық);

      11) психолог маман;

      12) рентген зертханашысы;

      13) әлеуметтік қызметкер;

      14) фельдшер.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымнан, әдістемелік кабинетінен (орталықтан) басқа);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      7) тәлімгер;

      8) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      9) қосымша білім беретін педагог;

      10) тәрбиелеуші;

      11) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      12) әлеуметтік педагог;

      13) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      14) мейірбике (мейіргер);

      15) педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);

      16) әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;

      17) логопед;

      18) кітапханашы.

      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      4) кітапханашы;

      5) библиограф;

      6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      7) аккомпаниатор;

      8) хореограф;

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) режиссер;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      12) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;

      13) музыкалық жетекші;

      14) редактор (негізгі қызметтер).

      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) жаттықтырушы;

      4) әдіскер;

      5) барлық мамандықтағы дәрігер.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых устанавливаются повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 11 января 2019 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 января 2019 года № 8240.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 30.07.2020 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Сарыкольского районаПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 30.07.2020 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Сарыкольского района "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях" от 26 июня 2018 года № 175 (опубликовано 25 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7947).

      3. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата Сарыкольского района" обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Сарыкольского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Сарыкольского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

  Приложение
к постановлению акимата
от "11" января 2019 года
№ 7

Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 30.07.2020 № 156 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов в области здравоохранения:

      1) руководитель районной больницы;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) заведующий клиническими (отделениями скорой медицинской помощи, дневным стационаром, поликлиникой) и параклиническими подразделениями государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) врачи всех специальностей;

      5) акушер (ка);

      6) диетическая сестра;

      7) зубной врач (дантист);

      8) медицинская (ий) сестра (брат);

      9) специалист общественного здравоохранения (статистик);

      10) лаборант (медицинский);

      11) специалист психолог;

      12) рентгенолаборант;

      13) социальный работник;

      14) фельдшер.

      2. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      1) руководитель Центра занятости населения района;

      2) заведующий отделением надомного обслуживания, являющийся структурным подразделением организации районного значения;

      3) специалист по социальной работе;

      4) консультант по социальной работе центра занятости населения;

      5) специалист структурного подразделения центра (службы) занятости;

      6) социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами;

      7) социальный работник по уходу за детьми-инвалидами и инвалидами старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;

      8) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах.

      3. Должности специалистов в области образования:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (кроме малокомплектной школы, дошкольной организаций образования, методического кабинета (центра);

      2) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: малокомплектной школы, дошкольной организаций образования, методического кабинета (центра);

      3) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: малокомплектной школы;

      4) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (кроме малокомплектной школы);

      5) учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего образования, в том числе учитель-дефектолог, учитель-логопед, преподаватель-организатор начальной военной подготовки;

      6) педагог-психолог организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования;

      7) вожатый;

      8) музыкальный руководитель (основных служб);

      9) педагог дополнительного образования;

      10) воспитатель;

      11) инструктор по физкультуре (основных служб);

      12) социальный педагог;

      13) методист (основных служб);

      14) медицинская (ий) сестра (брат);

      15) педагог-психолог (за исключением педагог-психолога организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования);

      16) методист методического кабинета (центра);

      17) логопед;

      18) библиотекарь.

      4. Должности специалистов в области культуры:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) заведующий (руководитель) методическим кабинетом, библиотекой государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) библиотекарь;

      5) библиограф;

      6) культорганизатор (основных служб);

      7) аккомпаниатор;

      8) хореограф;

      9) методист всех наименований (основных служб);

      10) режиссер;

      11) художники всех наименований (основных служб);

      12) учителя казахского, английского языков;

      13) музыкальный руководитель;

      14) редактор (основных служб).

      5. Должности специалистов в области спорта:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) тренер;

      4) методист;

      5) врач всех специальностей.