2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысына (2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Балгарин |
Әкімдіктің | |
2020 жылғы 30 шілдедегі № 156 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) акушер;
6) диеталық мейіргер;
7) тіс дәрігері (дантист);
8) мейіргер;
9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
10) зертханашы (медициналық);
11) психолог маман;
12) рентген зертханашысы;
13) әлеуметтік қызметкер;
14) фельдшер.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымнан, әдістемелік кабинетінен (орталықтан) басқа);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
7) тәлімгер;
8) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
9) қосымша білім беретін педагог;
10) тәрбиелеуші;
11) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
12) әлеуметтік педагог;
13) әдіскер (негізгі қызметтердің);
14) мейірбике (мейіргер);
15) педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);
16) әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;
17) логопед;
18) кітапханашы.
4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
4) кітапханашы;
5) библиограф;
6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
7) аккомпаниатор;
8) хореограф;
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) режиссер;
11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
12) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;
13) музыкалық жетекші;
14) редактор (негізгі қызметтер).
5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) жаттықтырушы;
4) әдіскер;
5) барлық мамандықтағы дәрігер.