Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 175 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 7947 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 11.01.2019 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi, қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 316 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7421 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі Э. Күзенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сарыкөл аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _______________ К. Базарбаева

      2018 жылғы 26 маусым

  Әкімдіктің
2018 жылғы 26 маусым
№ 175 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленген мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1. аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;

      2. аудандық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімшенің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушісі;

      3. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4. акушер;

      5. диеталық мейіргер;

      6. тіс дәрігері (дантист);

      7. мейіргер;

      8. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      9. зертханашы (медициналық);

      10. психолог маман;

      11. рентген зертханашысы;

      12. әлеуметтік қызметкер;

      13. фельдшер;

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      14. аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      15. аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      16. әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      17. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      18. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      19. қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      20. психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      21. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      22. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымынын, әдістемелік кабинеттің (орталық) басқа);

      23. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

      24. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

      25. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      26. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      27. тәлімгер;

      28. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      29. педагог-психолог;

      30. қосымша білім беретін педагог;

      31. тәрбиелеуші;

      32. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      33. әлеуметтік педагог;

      34. әдіскер (негізгі қызметтердің);

      35. мейірбике (мейіргер);

      36. емдәмдік мейірбике;

      Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      37. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      38. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      39. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      40. кітапханашы;

      41. библиограф;

      42. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      43. аккомпаниатор;

      44. хореограф;

      45. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      46. режиссер;

      47. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      48. қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі;

      49. музыкалық жетекші;

      50. редактор (негізгі қызметтер);

      Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      51. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      52. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;

      53. жаттықтырушы;

      54. әдіскер;

      55. барлық мамандықтағы дәрігер;

      Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      56. ветеринариялық дәрігер;

      57. ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады