Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.09.2023 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Мәслихат шешімдерінің:
1) "Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 (2014 жылғы 11 қыркүйекте "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 "Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 133 (2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7403 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсаны № 331 шешімімен 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Әйет ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Әйет ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Әйет ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Әйет ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсаны № 331 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.12.2021 № 71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 09.03.2022 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Кент тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Әйет ауылының шекараларында: Западная 1а, 2, 3, 3а, 4-8, 8а, 9, 10, 10а, 11-21, 23, 24, 24а, 25-30, 32, 34, 40 лет Победы, 4-15, 15а, 15б, 15е, 16-28, 30-32, 50 лет Октября 2, 3, 5, 10, 12, 14, Набережная 21, 23-26, 28, 28а, 29, 30, 30а,31, 32, 32а, 33, 35-37, 39-43, 43а, 44-46, 46а, 47-60, 63-67, 69-77, 79, 82, 84, 86, 86а, 87, 88, 90, 92, 94, 94а, 96-100 жұп жағы, Тәуелсіздік 76-80, 82-88 жұп жағы, 88а, 88б, 88в, 89, 90, 92, 94, 95-99, 103-106, 108-112, 114, 116, 118-130, 132-142 жұп жағы, 142а, 148, 158, Республика 89, 94, 97-101, 103, 105, 107, 108-124, 126-133, 135-142, 144-147, 148, 150, Е. Омаров 1б, 2, 2а, 4-6, 8-11, 14, 16-18, 18а, 19-23, 23а, 24-27, 27а, 28-30, 32-34, 37-45 тақ жағы, Мир 3, 5-8, 8а, 10, Е. Өмірзақов 1, 3-30, 32-43, 45-55 тақ жағы, Жабағы-Батыр 74, 79-83 тақ жағы, 85-87, 89-103, 105-113, 115, 116, Рассвет 2-18 жұп жағы, Совхозная 1, 3-12, 14-20 жұп жағы, Строительная 1-19, Темірбаев 1, 1а, 2-14, 16-30, 32-42, 44-54 жұп жағы, Тернопольская 1, 2а, 2б, 2в, 3-6, 6а, 7, 9-25, 27 көшелері. | 3 |
2 | Әйет ауылының шекараларында: Восточная 1-3, 5-9, 11, 17, 19, Тәуелсіздік 1е, 1ж, 4-9, 11, 13, 14, 16, 17, 18а, 20, 22, 24-28, 30, 33, 34, 36-42, 44-47, 50, 52, 56, 61, 68, 69 , Республика 1, 1а, 1б, 3-20, 22-24, 26, 30-34 жұп жағы, 35, 35а, 36-39, 39а, 42, 46-53, 57, 59, 61, 62, 64, 65, 68-70, 72, 74, 76-79, 82, 84, 86-88, 92, Лесопитомник 1, Майлин тұйық көше 1-9, 11-13, Набережная 1, 1а, 1б, 5, 9, 11, 13, 14в, 15, 15а, 17, 17а, 18, 20, 22, Болашақ 1, 3, 3а, 5, 9, 14, 15, 27-33 тақ жағы, Жабағы-Батыр 1, 1а, 1б, 1в, 2, 2а, 3-5, 7-9, 11-19, 21, 21а, 22, 22а, 23-43, 45-56, 59-67, 69-71, 73, 75, Садовая 1, 1а, 1б, 2, 2а, 2б, 4, 5а, 5б, 6-9, 11-19, 21-26, Б. Майлина 1-11 тақ жағы, 13-18, 20, 25, 27, 33, 35, 37, Среднее профессионально-техническое училище 3-9, 11-13, 15, Степная 2, 3, 5-30, Тобольская 1, 1а, 2-5, 5а, 6, 8-15, 17, 18, 18а, 19, 20, 20а, 21, 22, 26, 28, 30-34, 37-49 тақ жағы, 53, 55, Целинная 1, 3-8, Южная 2-5, 5б, 6, 8-26 жұп жағы, 30 көшелері. | 3 |
3 | Журавлевка ауылы | 2 |
4 | Красносельское ауылы | 3 |
5 | Орынбор ауылы | 3 |
6 | Щербиновка ауылы | 2 |