Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 "Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 133 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 7403 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 331 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 18.12.2019 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 222 "Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5030 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы
аудандық мәслихаттың хатшысы
С. Сапабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай облысы Таран ауданы

      Таран ауылдық округінің әкімі

      _________________ В. Ильченко

      24 қараша 2017 жыл

  Мәслихаттың
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 133 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 222 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Таран ауданы Таран ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Журавлевка ауылы

5

2

Красносельское ауылы

49

3

Таран ауылы

159

4

Орынбор ауылы

12

5

Щербиновка ауылы

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады