Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін келісу туралы" № 112/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 171/4 қаулысына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
он екінші абзацтағы "5000 теңге сомасына" деген сөздер мен сандар "5 АЕК мөлшерінде" деген сөздер мен санға ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Д. Поддубный |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
2019 жылғы "4" сәуір |