Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 11.12.2019 № 1-22-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, 2019 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының № 2 ұсынысы негізінде, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округінің Қызылқақ ауылының аймағында ірі қара мал арасында инфекциалық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Б. Кажахатов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ертіс аудандық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Е. Каримжанов |
2019 жылғы "9" қазан |