Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы "Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-22-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1-22-3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 6667 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 4 қарашадағы № 2-19/566 ұсынысы негізінде, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 10 қазандағы "Ертіс ауданы Қоскөл ауылдық округі Қызылқақ ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-22-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6569 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоскөл ауылдық округінің әкімі Б. Кажахатов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Ертіс аудандық
      аумақтық инспекциясының басшысы Е. Каримжанов
      2019 жылғы "10" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады