Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 7/45 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 6424 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Качир ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 6/22 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Бурмин
      Мәслихат хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 7/45 шешімімен
бекітілген

Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау
туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Құрмет грамотасымен Тереңкөл ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтырлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның әкімі, аудан бюджетінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдардың, ауданның аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.06.2023 № 7/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Құрмет грамотаның формасы:

      - қазақ тілінде: Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасы;

      - орыс тілінде: Почетная грамота района Тереңкөл.

      Құрмет грамота қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Тереңкөл ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "район Тереңкөл" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3-тарау. Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Тереңкөл аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және Тереңкөл ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.06.2023 № 7/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлға тапсыру етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.06.2023 № 7/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Тереңкөл ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Наградтау бойынша материалдар Тереңкөл ауданының мәслихатында сақталады.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 13 июня 2019 года № 7/45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 18 июня 2019 года № 6424.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл.

      2. Признать утратившим силу решение Качирского районного маслихата от 21 декабря 2017 года № 6/22 "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Качирского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5810, опубликованное 22 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы и законности.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии О. Бурмин
      Секретарь маслихата С. Баяндинов

  Утверждено
решением маслихата
района Тереңкөл
от "13" июня года № 7/45

Положение
о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой района Тереңкөл разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок представления к награждению Почетной грамотой района Тереңкөл (далее – Почетная грамота) и ее вручения.

      2. Почетной грамотой награждаются граждане, трудовые коллективы и организации в знак признания заслуг перед районом Тереңкөл, за значительные достижения и личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, образования, укрепление межнационального согласия и взаимопонимания, в воинской, а также иной государственной службе и общественной деятельности региона.

      3. Представления к награждению Почетной грамотой вносят в районный маслихат депутаты районного маслихата, аким района, руководители исполнительных органов, финансируемых из бюджета района, территориальных подразделений центральных государственных органов, действующих на территории района, акимы сельских округов района, коллегиальные органы общественных и религиозных объединений района.

      4. В наградном листе установленного образца излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы в отрасли и в данном коллективе, его конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем предприятия, организации, учреждения, государственного органа.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 15.06.2023 № 7/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Описание Почетной грамоты района Тереңкөл

      5. Форма Почетной грамоты:

      на казахском языке: Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасы;

      на русском языке: Почетная грамота района Тереңкөл.

      Почетная грамота состоит из папки голубого цвета с вкладышем с изображением герба Республики Казахстан на лицевой стороне и надписью на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      Вкладыш изготавливается типографским способом в развернутом виде из плотной лощеной бумаги. На лицевой стороне вкладыша в верхней части нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи на казахском языке в верхней части "Тереңкөл ауданы" и внизу на русском языке "район Тереңкөл".

      На развороте с левой и правой сторон вкладыша нанесено изображение герба Республики Казахстан и надписи с левой стороны на казахском языке "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" и с правой стороны на русском языке "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА".

      С левой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на казахском языке.

      С правой стороны вкладыша отведено место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на русском языке.

Глава 3. Порядок вручения Почетной грамоты района Тереңкөл

      6. Решение о награждении Почетной грамотой принимается на сессии маслихата района Тереңкөл.

      Почетная грамота подписывается председателем районного маслихата и акимом района Тереңкөл.

      Перед вручением Почетной грамоты оглашается решение о награждении.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 15.06.2023 № 7/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким района и (или) председатель районного маслихата либо лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции решения маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 15.06.2023 № 7/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению Почетной грамотой направляются в постоянную комиссию по вопросам социальной сферы и законности, созданную при маслихате района Тереңкөл.

      9. Материалы по награждению хранятся в маслихате района Тереңкөл.