Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 13.06.2019 № 7/45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Качир ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Щербак |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Баяндинов |
Качир аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 6/22 шешімімен бекітілген |
Качир ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Качир ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Качир ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.
2. Құрмет грамотасымен Качир ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтырлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның әкімі, аудан бюджетінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдардың, ауданның аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.
2-тарау. Качир ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы
5. Құрмет грамотаның формасы:
- қазақ тілінде: Качир ауданының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Качирского района.
Құрмет грамота қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Качир ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Качирский район" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қос ымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
3-тарау. Качир ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі
6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың хатшысы және ауданның әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын ауданының әкімі және (немесе) аудандық мәслихаттың хатшысы, немесе олардың тапсырыс бойынша тұлға тапсыру етеді.
8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Качир ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.
9. Наградтау бойынша материалдар Качир ауданының мәслихатында сақталады.