Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 7/45 "Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 7/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 7349-14 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 13 маусымдағы № 7/45 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6424 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      4, 6, 7 –тармақтар ережесі жаңа редакция жазылсын:

      "4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Тереңкөл аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және Тереңкөл ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлға тапсыру етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады