Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 224/48 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 тамызда № 6500 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген, 2014 жылғы 02 мамырда "Апта айнасы", "Сельские будни" газеттерінде жарияланған), келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      сегізінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушыларына және мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;";

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Скрипник
      Аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бакауов
      2019 жылғы "01" тамыз

О внесении изменения и дополнения в решение Успенского районного маслихата от 28 апреля 2014 года № 174/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"

Решение маслихата Успенского района Павлодарской области от 29 июля 2019 года № 224/48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 8 августа 2019 года № 6500. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 12 апреля 2021 года № 28/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Успенского районного маслихата Павлодарской области от 12.04.2021 № 28/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Успенского районного маслихата от 28 апреля 2014 года № 174/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3775, опубликованное 02 мая 2014 года в газетах "Апта айнасы", "Сельские будни"), следующие изменение и дополнение:

      в пункте 1:

      абзац восьмой изложить в новой редакции:

      "участникам и инвалидам Великой Отечественной войны (далее - ВОВ) в размере 500000 (пятьсот тысяч) тенге, а также продуктовый набор в размере 5 МРП;";

      дополнить абзацем следующего содержания:

      "лицам, участвовавшим в ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджету.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Скрипник
      Секретарь районного маслихата Р. Бечелова
      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким Павлодарской области Б. Бакауов
      "01" августа 2019 года