Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген, 2014 жылғы 02 мамырда "Апта айнасы", "Сельские будни" газеттерінде жарияланған), келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
сегізінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушыларына және мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;";
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Скрипник |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Бечелова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
2019 жылғы "01" тамыз |