Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауылдық округінің Успен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылының келесі көшелері:
"Пролетарская" көшесі "Мәшhүр Жүсіп Көпеев" көшесі болып;
"Коммунальная" көшесі "Бұқар жырау" көшесі болып;
"Комсомольская" көшесі "Астана" көшесі болып;
"Элеваторная" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесі болып;
"Ленин" көшесі "Қазыбек би" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен ауылдық округінің әкімі | Д. Аспанов |