Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қазанда № 6580 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауылдық округінің Успен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Успен ауылдық округінің Успен ауылының келесі көшелері:

      "Пролетарская" көшесі "Мәшhүр Жүсіп Көпеев" көшесі болып;

      "Коммунальная" көшесі "Бұқар жырау" көшесі болып;

      "Комсомольская" көшесі "Астана" көшесі болып;

      "Элеваторная" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесі болып;

      "Ленин" көшесі "Қазыбек би" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен ауылдық округінің әкімі Д. Аспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады