Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 211/64 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6632 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 ақпандағы "Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 183/54 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Жаңабаев
      Шарбақты аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2019 жылғы "21"
қарашадағы № 211/64 шешіміне
қосымша

Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты
есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын
сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган - "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

      5. Отбасында екі және одан да көп маман тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 14.04.2022 № 91/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 21 ноября 2019 года № 211/64. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 ноября 2019 года № 6632.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", статьей 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Щербактинского районного маслихата от 10 февраля 2015 года № 183/54 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4312, опубликованное 24 февраля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам бюджета и социально-экономического развития района.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Жанабаев
      Секретарь Щербактинского
      районного маслихата С. Шпехт

  Приложение
к решению Щербактинского
районного маслихата от "21"
ноября 2019 года № 211/64

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате
коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств
специалистам государственных организаций здравоохранения, социального
обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и
работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее – социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района (далее – специалисты).

      2. Назначение и выплата социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района".

      3. Социальная поддержка оказывается без истребования заявлений от специалистов на основании списка, утвержденного первым руководителем государственной организации с приложением документа, подтверждающего наличие лицевого (карточного) счета в банке второго уровня или организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.

      4. Выплата социальной поддержки производится уполномоченным органом путем перечисления на лицевые (карточные) счета специалистов через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      5. В случае проживания в семье двух и более специалистов социальная поддержка назначается и выплачивается каждому из этих лиц.

      6. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 4 месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 14.04.2022 № 91/26 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).