Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 21.11.2019 № 211/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөндірістік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18–бабының 5–тармағына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Ибрагимова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Абдрахманов |