Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қарашадағы "Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 211/64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6632 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |