Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 313 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 1526 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы" заңдарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII сессиясының
төрағасы
Ф. Мерхамитқызы
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 313 шешіміне
қосымша


р/с

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Бір жолдық әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)

1.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 6-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар

100,0 мың

2.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 8-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстанда қызметтік міндеттерін орындауына немесе әскери міндетін өтеуге байланысты ауруға шалдығуы салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тұлғалар

100,0 мың

3.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 9-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстандағы ұрыс қимылдар кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы

100,0 мың


Об оказании единовременной социальной помощи к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение XLIII сессии маслихата города Алматы VI созыва от 22 февраля 2019 года № 313. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 25 февраля 2019 года № 1526

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, законами Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года ""О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Алматы VI-го созыва РЕШИЛ:

      1. Оказать единовременную социальную помощь к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан, постоянно зарегистрированным и постоянно проживающим в городе Алматы, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Аппарату Маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет - ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта маслихата города Алматы Бадаеву Р.К.

      4. Настоящее решение вводится в действие co дня его первого официального опубликования.

      Председатель XLIII-й сессии
маслихата города Алматы
VІ - созыва
Ф. Мерхамиткызы
      Секретарь маслихата
города Алматы VІ - созыва
К. Казанбаев

  Приложение
к решению маслихата
города Алматы от
22 февраля 2019 года № 313

№ п/п

Отдельные категории нуждающихся граждан

Размеры единовременной социальной помощи (тенге)

1.

Участники боевых действий на территории Афганистана, статус которых определен статьей 6 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним"

100,0 тысяч

2.

Лица, ставшие инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с выполнением служебных обязанностей или прохождения воинской службы в Афганистане, статус которых определен статьей 8 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним"

100,0 тысяч

3.

Семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, статус которых определен статьей 9 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним"

100,0 тысяч