2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы" заңдарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIII сессиясының төрағасы |
Ф. Мерхамитқызы |
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 313 шешіміне қосымша |
№ | Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары | Бір жолдық әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге) |
1. | Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 6-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар | 100,0 мың |
2. | Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 8-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстанда қызметтік міндеттерін орындауына немесе әскери міндетін өтеуге байланысты ауруға шалдығуы салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тұлғалар | 100,0 мың |
3. | Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 9-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстандағы ұрыс қимылдар кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы | 100,0 мың |