Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің:
1) "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 1120 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 1121 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Әзірбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |