"Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/52 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 1120 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 2/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 26.04.2019 № 2/266 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясының 2013 жылғы 5 шілдедегі № 144 "Алматы қаласын басқару сызбасын бекіту туралы" шешіміне, Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 3/606 "Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1/33 қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 18.05.2018 № 2/209 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыруды қарастырсын.

      4. "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) "Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 1/52 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереженiң күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 18.05.2018 № 2/209 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады