Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 26.04.2019 № 2/266 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясының "Алматы қаласын басқару сызбасын бекіту туралы" 2013 жылғы 5 шілдедегі № 144 шешіміне, Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы туралы" 2013 жылғы 15 шілдедегі № 3/606 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1/33 қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыруды қарастырсын.
4. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
|
"Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
2. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050008, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, № 107 үй.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление по контролю за использованием и охраной земель города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145 бабының 1 тармағына сәйкес өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру белгіленген.
14. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабының 4 тармағына сәйкес айқындалған "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
4) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148 бабы 1 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.
15. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 147 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес белгіленген "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функцияларына:
1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да үдерістердің салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
14) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15) гендерлік аспектілерді қарау;
16) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кіреді.
16. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148 бабының 1 тармағына сәйкес белгіленген "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберу;
2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;
3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;
5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеру;
6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;
7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да үдерістерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру;
8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;
9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;
10) мемлекеттік бақылауды тексеру түрінде және өзге де түрде жүзеге асыру.
17. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148 бабының 2 тармағына сәйкес белгіленген "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау.
18. Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшелерімен жерлерді тиісті мақсатына сәйкес пайдаланылмай немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша өзара іс-қимылдар жасау.
19. Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшесіне, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65 бабында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда, біржақты тәртіпте уақытша жер пайдалану шарттарын бұзу туралы ұсыныс енгізу.
3. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін басшы жүзеге асырады.
21. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) өзінің орынбасары мен "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауап береді;
4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандырады, тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
7) "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
8) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
"Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
25. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.