Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыпқа және мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімідігінің 21.05.2019 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 289 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 289 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 27 шілдедегі № 211 қаулысы (2016 жылғы 31 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 болып тіркелген);
2) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі №211 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 118 (2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 болып тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі |
Д. Байтөлешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы
___________________ С. Мұқанов
2019 жылғы "____" _____________
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "19" наурыздағы | |
№ 64 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 289 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.12.2023 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ету мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдаға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) ассистент;
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандары – дыбыс операторы.