"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 312 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 7647-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 64 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5257 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Р. Елубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы

      мәслихатының төрағасы

      ______________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 312 қаулыға қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 19 наурыздағы
  № 64 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ету мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдаға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) ассистент;

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандары – дыбыс операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады