Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 64 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 130 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 5411 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 64 қаулысына (2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5257 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      қаулының орыс тіліндегі тақырыбында және мәтінінде, сонымен қатар қаулының қосымшасында "територий" сөзі "территорий" сөзіне ауыстырылсын;

      қаулының қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтінінде, сонымен қатар қаулының қосымшасында қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Д. Байтөлешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы

      ___________________ С. Мұқанов

      2019 жылғы "____" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады