Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі əкімінің 10.02.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі №06-18/118 ұсынысы негізінде, Гусаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылындағы "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 бөлімінде ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Гусаковка ауылдық округінің әкімі |
Е.Таласов |