Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 тамызда № 5519 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі əкімінің 10.02.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі №06-18/118 ұсынысы негізінде, Гусаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылындағы "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №1 бөлімінде ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Гусаковка ауылдық
округінің әкімі
Е.Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады