Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 6004 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №06-18/206 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстіқ Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылында орналасқан "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағынан ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 31 шілдедегі №1 шешімінің (2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5519 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкімінің уақытша
міндетін атқарушысы
С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады