Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі əкімінің 22.01.2020 № 04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 19 тамыздағы № 10-11/100 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Петровка ауылында орналасқан "Есіл-Петровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | О. Қонқабаев |