Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 5573 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі əкімінің 22.01.2020 № 04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 19 тамыздағы № 10-11/100 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Петровка ауылында орналасқан "Есіл-Петровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О. Қонқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады