Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 05 желтоқсандағы № 01-11/198 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылындағы "Ер Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Архангельск ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 23 қарашадағы № 42 (2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Архангельск ауылдық округінің әкімі |
И. Рыбакова |