Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 5211 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 05 желтоқсандағы № 01-11/198 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылындағы "Ер Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Архангельск ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 23 қарашадағы № 42 (2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық
округінің әкімі
И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады